
«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының «Даму» алғашқы партиялық ұйымының хатшысы Зайра Қайшарова ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығының ұжымымен кездесу өткізді. Бұл кездесуде көңіл қуантарлық жағдайлар орын алды: ҰАО-ның 17 жас маманы осы жылдың 27 ақпанында партияның 20 жылдық мерейтойына арналып өтетін партияның XVIII съезі қарсаңында «Нұр Отан» республикалық партиясына кіру туралы өтініш білдірді.
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС төрағасының міндетін атқарушы Мақсот Өмірханов өз сөзінде «Нұр Отан» партиясының съезі қарсаңында ұжымның жастары өз өмірлерінде маңызды шешім қабылдауы олардың өз Отанының патриоттары екендігін көрсететіні сөзсіз деп атап, осы жылды Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев – Жастар жылы деп жариялады деді. Жас мамандардың партияға өту туралы шешімін қолдап, өзі де ұйымның ардагері болып табылатын «ҰАО» ЖШС Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Айтмұқан Мусин де өтініш берді.
Бүгін бізде шыныменде қуанышты жағдай, жастардың бір легі «Нұр Отан» партиясына өту туралы шешім қабылдап отыр, деп атап өтті А. Мусин. Мен де жастармен бірге біздің Партия сәруәры – Елбасымызды қолдауға шын жүрегімнен шешім қабылдадым. Жастық шағымызда комсомолға өтер кезде: «Жүрегіміз әрдайым нұрға толып, жарқын болашаққа жол ашылсын» деген едік, деп еске алды.
Өз кезегінде партияға өтушілер осы қадамға не итермелегені туралы өз ойларымен бөлісті. Мысалы, әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Анар Оразалиева ҚР Президенті Н.Назарбаев жүргізіп отырған саясатты толық қолдайтынын атап өтті, сондықтан «Нұр-Отан» партиясына өтуге шешім қабылдапты.
«Даму» алғашқы партиялық ұйымның хатшысы Зайра Қайшарова «ҚР ИИДМ ТРМК «ҰАО» ЖШС-нің ұжымында өткен кездесуге көңілі толғандығын жеткізді.
Сіздердің ұйымдарыңыздағы жас мамандардың бүгінгі шешімі біздің алғашқы партиялық ұйымдағы үлкен орны бар уақиға, деп атап өтті өз сөзінде. Біздің ортақ ісімізде Сіздерге шын жүрегімнен алғыс білдіремін деді.
М. Өмірханов өз баяндамасында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бүгінгі күні сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу бойынша тұрақты қызметтер көрсететін бірден-бір компания екендігін атап өтті.
Қазақстан бұрынғы совет елдері арасында алғашқы болып сәйкестікті бағалау субъектілеріне аккредиттеу жүргізу бойынша функцияны мемлекеттік емес нысанында басқаруды – «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС ұйымына сеніп тапсырды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеген өнімді сертификаттау жөніндегі органдардың сәйкестік сертификаттарын сынақ және калибрлеу зертханаларының нәтижелерін шетелде тануға техникалық негіз қаланған
ҰАО қызметінің саласы өнімдердің/қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органдарды, менеджмент жүйесін, персоналды, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу және медициналық зертханаларды, біліктілігін тексеру провайдерлерін аккредиттеу бағытын қамтиды.
Аккредиттеу бойынша барлық жұмыстар қатаң түрде халықаралық стандарттардың талаптарына сай жүргізіледі.
Бүгінгі күні «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің қызметтерін Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Моңғолия және т.б. жақын және алыс шетелдер пайданады.