
2019 жылғы 20 ақпанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті 2018 жылдың 1 шілдесінен (ауыспалы кезең 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін) енгізілген "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Сәйкестік сертификаттарының, сәйкестік туралы декларациялардың нысандары және оларды толтыру тәртібі" ҚР СТ 3.4-2017 № 1 жобасының өзгерістерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы бойынша "КазИнСт" РМК филиалы, "ҰАО" ЖШС өкілдігінің, СМЖ сәйкестігін растау жөніндегі органдардың өкілдері қатысты.
Сонымен, №1 өзгеріс жобасына сәйкес Техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес менеджмент жүйелерін сертификаттау ерікті сипатқа ие. Міндетті және ерікті сертификаттау өнімнің, қызметтің сапасын растайтын құжатты алу процесін білдіреді, бірақ міндетті сертификаттаудан айырмашылығы ол өндірушінің, жеткізушінің немесе тұтынушының бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
Ерікті сертификаттаудың мақсаты тұтынушылар тарапынан сенімді арттыру есебінен Компанияның сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту болып табылады.
Осыған байланысты менеджмент жүйелерінің сәйкестік сертификаттарын ресімдеу кезінде қатаң есептілік бланкілерін қолдану қажеттілігі жоқ, бұл сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органның қосымша ақпаратты қоса отырып, сертификаттардың түрлі нысандарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстел соңында СМЖ сәйкестігін растау жөніндегі органдар "ҚазСтИн" РМК атына пікірлер мен ұсыныстарды жолдау ұсынылды.