
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ШҚ филиалымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді, онда стандарттаудың ұлттық жоспарын әзірлеу Ережелері және «Өнімдерді каталогтандыру» ақпараттық жүйесі талқыланды. Дөңгелек үстелге облыстың өндірушілері, сәйкестікті растау органдары, аккредиттелген және сынақ зертханалары қатысты.
«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК ШҚ филиалының директоры Адия Байшакина қатысушыларды «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелерімен таныстырды.
Заңның мақсаты өнімнің сапасын жақсарту, оның бәсекеге қабілеттілігі мен импортты алмастыруды қамтамасыз ету үшін ұлттық стандарттау жүйесін реформалау шеңберінде стандарттау саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
«Өнімдерді каталогтандыру» ақпараттық жүйесі туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша бас маманы Әлия Мұқанова сөз сөйледі.
Сондай-ақ, қатысушылар стандарттаудың ұлттық жоспарын жасау Ережесімен мұқият таныстырылды.
Кездесу соңында қатысушылар шетелдік стандарттарын, халықаралық, аймақтық стандарттар мен ұйым стандарттарды әзірлеу және қолдану мәселелерін талқылады.
