ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҰМЫС ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

 ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҰМЫС ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

ҚР ИИҚДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұргүл Шодорова департамент қызметкерлерімен жұмыс отырысын өткізді, онда мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқының негізгі стандарттары айтылды, оларды бұлжытпай сақтау халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік этика нормаларын бұзудың алдын алу.

Сондай-ақ, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар мен олардың жұбайлары табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс етеді. Кірістер мен мүлік туралы декларациясы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

Мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар, шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабының 3-тармағы.

Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 274 бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексі.

Жұмыс отырысының қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік этика нормалары мен ережелерін және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде ұсынымдар берді.