АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОБАСЫ СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ОРГАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОБАСЫ СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ОРГАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті  «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК филиалымен бірлесе отырып, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29, 31-баптарын жүзеге асыру мақсатында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалының Сарапшы-аудиторларымен «Сәйкестік сертификатын ресімдеу және сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығының жобасын талқылау бойынша дөңгелек өткізілді.

Сәйкестік сертификатын ресімдеу және сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу ережелеріне сәйкес өнімнің сәйкестігін растау кезінде мынадай нысандар қолданылады:

- сәйкестікті міндетті растау кезінде қолданылатын сәйкестік сертификатының нысаны;

- сәйкестік туралы декларацияның нысаны;

- сәйкестік сертификатына қосымша нысаны (сәйкестік туралы декларация));

- ерікті сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификатының нысаны;

- міндетті сертификаттау кезінде IAFMLA бірлескен белгісін қолдану арқылы сәйкестік сертификатының нысаны;

- ерікті сертификаттау кезінде IAFMLA бірлескен белгісін қолдану арқылы сәйкестік сертификатының нысаны.

Ереженің талаптарына сәйкес дайындалған сертификаттардың, декларациялардың және оларға қосымшалардың бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады және кемінде төрт қорғау дәрежесі болуы тиіс.

Талқылау барысында «ҰССО» АҚ ТФ сәйкестігін растау жөніндегі органның мамандарынан ұсыныс келіп түсті, ол Комитетке қарауға жіберілді.