БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨНІМДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨНІМДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мамандары Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының және Кеден одағының 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын «Бомонд» сауда орталығында балалар мен жасөспірімдер киімдерін сатушылармен талқылады.

Қатысушыларға өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін заңнаманың мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ онымен байланысты өндіріс процестері адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында айтып берді.       

Кеден одағының «Балалар мен жас өспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 007/2011 сәйкес өнімді таңбалау қарап тексеру және бірдейлендіру үшін шынайы, тексерілетін, оқылатын және қолжетімді болуға тиіс. Өнімді таңбалау бұйымға, бұйымға жапсырылатын затбелгіге немесе тауарлық құлақшаға, бұйым орауышына, бұйымдар тобы орауышына немесе өнімге қосымша параққа түсіріледі.  Ақпарат орыс тілінде немесе осы бұйым аумағында жасалып, тұтынушыға өткізілетін Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде берілуге тиіс.

Нарықтағы айналымға шығарылар алдында өнім сәйкестікті,сәйкестікті декларациялау немесе сертификаттау кейіннен декларациялаумен мемлекеттік тіркеу түрінде жүзеге асырылатын, осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалау (растау) процедурасынан өтуге тиіс.