
2019 жылдың ақпан айының 22-де Қызылорда облыстық әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі залында 2018 жылдың 12 айы қорытындысы бойынша департамент басшысы Е. Кеулімжаев баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Баспасөз брифингке облыс әкімі аппаратының өкілі, облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, журналистер, телеарналар тілшілері, интернет газеттер тілшілері қатысты.
Баспасөз брифингінде Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Е.Кеулімжаев облыс бойынша Департаментпен 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 19 іріктеу және жоспардан тыс тексерулері жүргізілді. Оның 11-де заң бұзушылықтар анықталып, бұл барлық тексерулердің 57,8 пайызын құрады. Тексерулердің нәтижелерімен 11 әкімшілік құқық бұзушылық істері қозғалып, барлығы 2922100 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынынды. Тексерулер қорытындысы бойынша қолдануға жарамсыз 83 дана өлшем құралдарын пайдалануға тиым салу жөнінде 11 ұйғарымдар берілгендігін айтты.
2018 жылға бекітілген жоспарға сай, департамент мамандарымен жыл басынан аймақтағы тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарда, ірі сауда орталықтары мен базарларда, облыстың барлық аудандарында: кәсіпорындарда сапа менеджмент жүйесін енгізу, техникалық реттеу және метрология жүйесі талаптары, өнімдерді катологтау, Кедендік одақ аясындағы техникалық реттеу саласындағы келісімдер, стандарттау саласындағы жаңадан енгізілген нормативтік құжаттар, Евразиялық Экономикалық Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары, ұлттық және мемлекеттік стандарттар және басқа да қабылданған нормативтік құжаттарды қалың көпшілікке таныстыру, талдау, түсіндіру мақсатында облыс кәсіпкерлерінің, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 2018 жылдың 12 айы бойынша 33 оқу семинарлары, конференциялар және 25 «дөңгелек үстел» іс-шаралары, 26 кәсіпорындарды аралау жұмыстары жүргізілді.
Департамент мамандарымен облыстың өнім өндіруші кәсіпорындары арасында шығарылған өнімдерді каталогтау жүйесіне енгізу жөнінде жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға сай, облыс кәсіпорындары шығарған 111 түрлі тауарлар өнімдердің катологтау жүйесіне енгізілді.
Облыс әкімдігі жанында құрылған техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі Өңірлік штабтың 2018 жылға бекітілген жоспары бойынша отырыстарына аймақтағы осы саланың өзекті мәселелері қарауға енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданып келеді. Есепті мерзімде өңірлік штабтың 3 отырысы өткізілді.
Өңірлік штаб отырысында түскен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолданып отырылды.
Департаментпен тұрақты түрде, талқылауға келіп түскен техникалық және нормативтік құжаттар, заңнамалар талданып, тиісті ұсыныстар беріліп келеді. Есепті мерзімде техникалық және нормативтік құжаттарға осындай 18 ұсыныстар уәкілетті органға жолданды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатылып, техникалық реттеу және метрология саласында жүргізілген тексеру материалдары (мемлекеттік бақылаулар) және техникалық реттеу саласындағы өзгерістер, жаңалықтар жөнінде тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, жергілікті телеарналарда сюжеттер, сұхбаттар беріліп тұрды. 2018 жылдың 12 айында облыстың «Сыр бойы» және «Кызылординские вести», «Ақмешіт ақшамы», «Қазақстан Ақпарат.КZ», «Ел тілегі» және аудандық газеттерінде 29 мақалалар жарияланып, облыстық телеарналарда 14 интервью, сюжеттер, радиода 3 материал жарияланды.
Департаментпен атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтына, Өңір жаңалықтары сайтына жарияланған хабарламалар саны 85 болды.
Департамент «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ы Қызылорда филиалымен бірлесе отырып, облыс аумағында халықаралық сапа менеджмент жүйесін өндірістеріне енгізген кәсіпорындарға ұдайы талдау жасап, мониторинг жүргізіліп отырады. 2019 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы бойынша 517 мекемелер мен кәсіпорындар халықаралық менеджмент жүйесін өз өндірістеріне ендірген. Олар: 503 мекемелер мен кәсіпорындарда ИСО 9001 халықаралық сапа менеджментінің жүйесін сертификаттаған, ИСО 14001 экологиялық стандартын 237 мекеме мен кәсіпорындар, кәсіби қауіпсіздік және еңбек қорғау менеджмент жүйесінің OHSAS 18001 стандартын 103 мекеме енгізді, ИСО 22000 тағам өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін 9 мекеме, энергоменеджмент ИСО 50001 - 3 мекемеде енгізген.
Департаментпен Евразиялық Экономикалық одағы аясында қабылданып, күшіне енген 38 техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын анықтайтын облыс көлеміндегі сынақ базаларына талдау жасалды. Талдау нәтижесінде, аймақта аккредатациядан өткен, түрлі сала бойынша қызмет көрсетіп тұрған 19 сынақ орталықтары мен зертханалардың және 14 метрологиялық зертханалар және 1 сәйкестікті растау органының жұмыстары зерделенді.
Департамент «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ы Қызылорда филиалымен бірлесе облыс кәсіпорындарында халықаралық сапа менеджмент жүйесін енгізу, техникалық реттеу және метрология жүйесі, өнімдерді катологтау, стандарттау саласындағы жаңадан енгізілген нормативтік құжаттар, ЕврАзЭС техникалық регламенттері бойынша және ұлттық, мемлекетаралық стандарттарға түсіндірмелер жүргізу жөнінде 26 кәсіпорындарда және облыс орталығындағы сауда үйлері мен сауда базарларында аралау-түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, кәсіпорындардан түскен техникалық реттеу, метрология саласының заңнама талаптары және проблемалық сұрақтары қарастырылып, уәкілетті органға ұсыныстар енгізу бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Аралау жүргізілген кәсіпорындар: «Асбол» ЖШС, «Smart Rubber» ЖШС, «Инженерлік-метрологиялық орталық» ЖШС, «Сыбаға» ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «Қор» мұнай компаниясы» АҚ, «Аралтұз» АҚ, «Шебер принт» ЖШС, Жайылма ауылдық округі, «Саутс ойл» ЖШС, «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС, «Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС, «Қуат Амлон мұнай» біріккен кәсіпорыны» ЖШС, «КМНПЗ» ЖШС, «Орда Гласс ЛТД» ЖШС, «Ағжан» сауда орталығы, «Жібек жолы» сауда орталығы, «Атамекен» сауда орталығы, «Мирас» сауда оралығы, «Тұран» сауда орталығы, «Бірлік» сауда орталығы, «Айтбек» сауда орталығы, «Отырар» сауда орталығы, «Талғат» базары.
Сонымен қатар, облыс көлемінде Мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізу үшін аймақтағы кәсіпорындардан салалар бойынша жаңадан ұлттық стандарттар әзірлеуге ұсыныстар жинақтау жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде 9 жаңадан стандарттар дайындауға ұсыныс уәкілетті органға қарау үшін жолданды. Олар: «Қуат» ЖШС-нен поливинхлоридтен және полиэтиленнен дайындалған құбырлар туралы 4 ұсыныс-өтініш, «Smart Rubber» ЖШС-нен резина ұнтақтағы және топырақ суғару трубалары туралы 2 ұсыныс-өтініш, «Электортехнология» ЖШС-нен автоматикалық басқару станциясы және электродвигательді басқару станциясы туралы 2 ұсыныс-өтініш, «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Қызылорда филиалының биологиялық белсенді қоспалар методикасы туралы 1 өтініш-ұсынысы болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңы туралы. Қазақстан өзінің ұлттық стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін халықаралық модельмен үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында, өндірілетін өнім сапасы мен өндірілу технология деңгейін арттыруға бағытталған «Cтандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті Заңдарын қабылдады.
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы - бұл сапа және бәсекеге қабілеттілік туралы заң. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, стандарттау өнеркәсіпті дамыту үшін де, тұтастай экономика үшін де экономикалық артықшылықтар беретін қуатты құрал болып табылады.
Заңдағы негізгі жаңашылдық – «мемлекет–бизнес-тұтынушы» халықаралық деңгейде танылған қағидат бойынша барлық мүдделі тараптарды қанағаттандыратын ұлттық стандарттарды қабылдау.
«Стандарттау туралы» Заң ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Заң стандарттау жөніндегі құжаттардың жоғары сапасын қамтамасыз ету, ұлттық стандарттардың рөлі мен мәртебесін арттыру, стандарттау объектілерінің өзара іс-қимыл рәсімдерінің құзыреттерін айқындау, стандарттау жөніндегі құжаттардың барлық түрлерін қолдану тәртібін белгілеу көзделген. Сондай-ақ пайдаланушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар үшін стандарттау жөніндегі құжаттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделіп, оны бекітудің ашықтығы үшін әзірлеуші стандарттау жүйесінің барлық қатысушыларымен жария талқылау пайызынан өтуі тиіс.
Осы ашықтық қағидаты барлық мүдделі тараптарды стандарттарды дайындауға тартуға ықпал етеді және талаптардың келісілмеуі және төмендетілген сапалық көрсеткіштердің енгізілуін болдырмайды.
Профилактикалық бақылау тексерулері туралы. Кәсіпкерлік – экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру осы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесінде болуы тиіс. Осы саланың дамуын одан әрі арттыру және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә.Назарбаевпен 2018 жылдың 24 мамырында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылып, қабылданды. Аталған Заң 2018 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне еніп, осы кәсіпкерлікке байланысты көптеген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Соңғы өзгерістерге сай, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілетін тексерулер мейлінше азайтылып, бақылау субъектісіне бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау жүргізу ұғымдары енгізілген. Бұл мемлекеттік бақылау және қадағалау қорытындылары бойынша кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік шаралар көрілмей, айыппұлдар салу қолданылмай, бұзушылықтар анықталған жағдайда оны жою туралы нұсқама беру арқылы заңнамалар талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. Ал, берілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар орындалмаған жағдайда, жоспардан тыс қайта тексерулер жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұл салу қарастырылған. Департаментпен профилактикалық бақылау жасауға байланысты тәуекел дәрежелесін бағалау критерийлері және тексеру парақтары негізінде 2019 жылдың 1 жартыжылдығына профилактикалық тексеру жүргізу кестесі жасалынып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сайтына орналастырылған. Қазіргі таңда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қайта құрылуымен, Департамент өзінің ережесін әділет органдарында қайта тіркеуден өткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы іс-шаралардан кейін департаментпен профилактикалық бақылау тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.
Баспасөз брифингі қорытындысымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.