АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ МАҢЫЗДЫ ТАЛАПТАРЫ ҚАНДАЙ?

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ МАҢЫЗДЫ ТАЛАПТАРЫ ҚАНДАЙ?

Автомобиль жолдары - басқада  жол қатынасы сияқты қоғам өміріндегі қажеттіліктің бірі болып саналады.  Жолдың пайда болуы адамдық қоғамның пайда болуымен тығыз байланысты. Себебі автокөлік адамдардың қозғалысы үшін маңызды құрал. Қазіргі автокөлік жолдары тығыз инженерлік құрылыммен сипатталады, олар  автокөліктердің жоғары жылдамдықпен қозғалу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.

Республикада теміржол, автокөлік жолы, су жолы, әуе жолы, құбыр жолы барлығы ортақ көлік жүйесін құрайды. Көліктің осы аталған түрлерінің ауыл шаруашылығында қолданылуы олардың шаруашылықтағы сұранысына байланысты. Осылардың арасында жүк тасымалдау жағынан автокөлік жолдары көп және үлкен роль атқарады. Сондықтанда автокөлік жолдары барлық жағынан жағдай жасалынуын талап етеді.

Біздің елімізде жалпы пайдаланымдағы көлік жолдарының желісі 96 мың шаршыны қамтиды, олардың көпшілігі жөндеуді және қайта жаңғыртуды қажет етеді. Қазақстан арқылы 5 халықаралық автокөлік өтеді, маршруттарының жалпы ұзындығы 23 мың шаршы. Автокөлік жолдарының қауіпсіздігі біріншіден, адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты, себебі нашар жолдың кесірі тікелей жол көлік қозғалысы қақтығысының артуына әкеп соқтырады.

Автокөлік жолдарына және жобалау, құрылысын салу, қайта салу, күрделі жөндеу мен пайдалану процесіне қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілейтін залал тигізу қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сондай-ақ, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік құру шеңберінде автокөлік жолдарының, соның ішінде халықаралық тасымал дәліздері қауіпсіздігі бойынша ортақ талаптарды қамтамасыз ету мақсатындаКеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 827 шешімімен «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы» 014/2011 Кеден одағы техникалық регламенті бекітілді.

Техникалық регламент 2015 жылы 15 ақпаннан бастап күшіне енді. Күшіне енген күннен бастап талаптары автокөлік жолдары мен ондағы жол ғимараттарының жобалау, құрылыс жүргізу, қайта жөндеу жұмысында, күрделі жөндеу мен пайдалану процесіне Кеден одағы мүше мемлекеттер аумағында міндетті болып саналады.

Аталған регламенттің талаптары өнеркәсіптік, құрылыс, орман және қорғаныс қажеттілігі үшін салынатын және арнайы шеттетілген аймақтарда орналасқан немесе тек спорттық мақсатта уақытша пайдалану үшін арналған басқа да өндірістік кәсіпорындардың автомобиль жолдары сияқты жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарына жатпайтын автомобиль жолдарына таралмайтынын ескеріп өткен жөн!!!

Жол белгілеріне қатысты «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы» 014/2011 КО ТР-нің кейбір маңызды талаптарына тоқтала кетейік:

-  жол белгілері олардың көрінуін қамтамасыз ететін халықаралық және өңірлік стандарттарда, ал ол болмаған жағдайда – ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының қабылданған техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарында белгіленген берілген сипаттамаларға ие болуға тиіс. Сәйкес жол белгілерінің орналасуы көлік құралдарының жүргізушілеріне және жүргіншілерге жол жағдайының өзгергені және қозғалыстың рұқсат етілген режімі туралы дер кезінде хабарлауды қамтамасыз етуге тиіс.

-  әрекеті қолдану талап етпейтін уақытта мерзімдік сипаты бар уақытша жол белгілері мен жол бағдаршамы қаптамамен жабылуға тиіс.Жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде уақытша техникалық құралдарды қолдану қажеттілігін тудырған себептерді жойғаннан кейін олар жинақталуы ашылуға тиіс.

Автомобиль жолдары мен ондағы жол имараттарының осы техникалық регламентке сәйкестігі халықаралық және өңірлік стандарттардың, ал ол болмаған жағдайда ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының қабылданған техникалық регламентінің және сәйкестікті бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті талаптарды сақтау қамтамасыз етілетін Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарының талаптарын орындап немесе қауіпсіздікке қоылатын талаптарды тікелей орындап қамтамасыз етіледі. Бұйымдарды сертификаттауды Кеден одағының Сертификаттау және сынақ зертханалары (орталықтары) бойынша органдардың бірыңғай тізіліміне енген сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) бойынша аккредителген органы жүргізеді.

Сәйкестік туралы декларация Кеден одағының Комиссиясы бекіткен тәртіпке сәйкес тіркелуге жатады. Сәйкестік туралы декларацияның күші оны тіркеген күннен басталады. Сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі бес жылдан артық емес.

Сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты жол-құрылыс материалдары мен бұйымдардың осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын жалғыз құжат болып табылады.

«Автокөлік жолдарының қауіпсіздігі» (КО ТР 014/2011)  техникалық регламенті туралы толық ақпаратты www.eurasiancommission.org  Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан алуыңызға болады.