ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінде автокөлік құралдарын кіргізудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Азия Авто» АҚ өкілдері, кедендік брокерлер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар, «ҚазСтИн» РМК ШҚФ, облыстың  көлік салондары өкілдері қатысты.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ШҚО филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестікті растау органының жетекші маманы Григорий Григорьев қатысушыларды көлік құралының типін мақұлдау, көлік құралының компоненттерін сертификаттау рәсімдерімен таныстырды.  Көлік құралына VIN сәйкестендіру нөмірін беру және тіркеу туралы ақпарат айтылды.

Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу және беру тәртібімен, оған өзгерістер енгізудегі талаптармен «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ШҚО филиалының сынақ орталығы бастығы орынбасары Александр Снегирев таныстырды.

Көлік құралдары түрін мақұлдаудың қолданылу мерзімін ұзарту мүмкіндігі талқыланды.

ШҚО әкімшілік полиция басқармасының аға мемлекеттік автоинспекторы Алмас Бектеміров есепке қою кезінде автокөлік құралдарына қойылатын талаптарды айтты.

Қорытындысында тыңдаушыларға көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер мен типін мақұлдаулардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша ақпараттық жүйенің жұмысы көрсетілді.