
Ресейдің Пятигорск қаласында ТМД елдерінде Техникалық реттеу, метрология, аккредиттеу және стандарттау мәселелеріне жетекшілік ететін Ұлттық органдардың қатысуымен 55-ші отырыс өтті.
МАК 55-ші отырысының негізгі оқиғасы - 2030 жылғы кезеңге дейінгі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекет аралық кеңестің даму барысын қабылдау.
Сондай-ақ, МАК отырысы барысында бірауыздан қабылданған шешім бойынша Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекет аралық кеңестің төрағасы болып ҚР ИИДМ ТРМК басшысы Арман Шаққалиев сайланды.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған дамуы бойынша қабылданған пайымдауда МАК-тің қазіргі экономикалық жағдайында оның мүше мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен ғылыми-техникалық интеграция үшін тиімді алаң болып табылатыны атап өтілді.
МАК-те бекітілген ынтымақтастық бағыттары бойынша кооперацияны үйлестіру мен дамытудың шарты халықаралық танылған ережелер мен нормаларға сәйкес келу болып табылады.
МАК отырысында өнімдер мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін тұрақты арттыруды, өзара сауданы дамытуды, ТМД-на қатысушы мемлекеттердің техникалық және экономикалық салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуды айқындайтын келісілген техникалық саясатты одан әрі жүргізу, бірінші кезекте МАК құрылымын жаңғыртуға бағытталуы тиіс екендігі атап өтілді.
