
Алматы қалалық штабының (бұдан әрі - АҚШ) осы отырысының басты басымдығы ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартын түсіндіру.
АҚШ отырысының жұмысына Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Алматы қаласы бойынша ТРМКД), Алматы қаласы бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК филиалының (бұдан әрі – Алматы қаласы бойынша «ҚазСтИн» РМК филиалы), Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ, Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Алматы қаласы мәдениет басқармасы, Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері: Алматы қаласындағы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдігі және «Қазақстан метрология институты» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының, түрлі қауымдастық, аккредиттеу субъектілері, ойын-сауық орталықтары мен парктердің мүдделі өкілдері қатысты.
АҚШ төрағасының орынбасары, Алматы қаласы бойынша ТРМКД басшысы Сауықбек Қапаев кіріспе сөзінде ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан халқының демалу қауіпсіздігі үшін және осы Стандарт Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» (2018 жылғы 18 сәуірде күшіне енді, өтпелі кезең - 2019 жылғы 18 қазанға дейін) және «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (2018 жылғы 18 қарашада күшіне енді, өтпелі кезең-2020 жылғы 1 маусымға дейін) бұрын қабылданған техникалық регламенттерін бейімдеу (енгізу) үшін өте маңызды екенін айтты.
«ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Жараскан Бекбатыров жоғарыда аталған стандарттың негізгі талаптары туралы түсіндірді.
Сондай-ақ, АҚШ отырысына қатысушыларға Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Махмұт Қалдыбаев стандарттың талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) аттракциондарды тіркеу (есепке қою), пайдалануға беру тәртібі туралы ақпарат ұсынды.
АҚШ отырысы барысында қатысушылар арасында ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өтті, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтар қойылды.
АҚШ отырысының қорытындысы бойынша барлық мүдделі тұлғаларға сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды Алматы қаласы бойынша ТРМКД-ге жіберу ұсынылды.