
26 маусымда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен облыстық ТЖ комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Касымов аттракциондардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша атқарылған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ осы ұлттық стандартты орындау үшін тиісті қаулы қабылдау және аттракциондардың есебін жүргізу үшін облыстық деңгейде де, қалалар мен аудандар деңгейінде де уәкілетті мемлекеттік органды айқындау, аттракционды есепке алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау, оларды пайдалануға жіберу қажеттігін білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша 27 маусымда Өңірлік штаб мүшелерінің, стандарттау және метрология институты, Қарағанды қаласы әкімдігі, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы, Қарағанды қаласы ТЖ Департаменті аттракциондар иелерімен кездесуге барды.
Кездесу барысында ЕАЭО 038/2016 «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің, «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары».
Бауыржан Қасымов аттракциондардың меншік иелеріне аттракциондарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету тәртібін жеткізді: монтаждау, техникалық куәландыру, пайдалануға рұқсат беру, жергілікті атқарушы органдарға есепке қою. Сондай-ақ, ұлттық стандартқа сәйкес пайдаланушы ұйымның иесі немесе басшысы тұтынушы алдында аттракционды қауіпсіз пайдалану үшін жауапты екенін атап өтті.
Мұндай кездесулерді облыстың барлық аудандары мен қалаларында ұйымдастыру жоспарланып отыр.
