«АТТРАКЦИОНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ» ҚР СТ 3359-2019 ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«АТТРАКЦИОНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ» ҚР СТ 3359-2019 ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті  2019 жылғы 27 маусымда облыс аудандарын қосумен бейнеконференцбайланыс режимінде Ақмола облысының өңірлік штабының отырысын ұйымдастырды. Отырыстың күн тәртібінде: «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары»  ҚР СТ 3359-2019  ұлттық стандартын түсіндіру.

Отырысқа аймақтық штаб мүшелері, кәсіпкерлікке жетекшілік ететін аудан әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар, сондай-ақ аттракциондарды меңгерген және балаларға арналған бос уақыт қызметін көрсететін кәсіпкерлер қатысты.

ҚР СТ 3359-2019 "Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары" стандартының талаптары мен негізгі тұстарын  "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК Ақмола филиалының директоры Жунусов Қайрат Қабдрашитұлы түсіндірді. Аталған ұлттық стандарт аттракциондарды талап ету, қабылдау және пайдалану бойынша 2019 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Отырыс барысында көрсетілген стандарттың нормалары талқыланып, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Департамент басшысы Қ.Қ.Қасенов пен "ҚазСтИн" РМК директоры Қ.Қ.Жүнісовтан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Кәсіпкерлердің назары мүдделі мемлекеттік органдармен әрі қарай өзара іс-қимыл жасауға, аттракциондарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мақсатында ұлттық стандартты қолдану, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін баса назар аударылды.