
Қазақстан Республикасы ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің департамент мамандары асыл және жартылай бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сататын «Абдикадырова Т.С.», «Татикулова М» жеке кәсіпкерлерге «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Департаменттің бөлім басшысы Құралай Киргабакова және бас маман Марат Сармолдаев аталған Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру үшін, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының белгіленген тәртіппен уәкілетті органға міндетті түрде хабардар ету туралы, қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде, Комитеттің аумақтық департаменттері атынан уәкілетті орган арнайы есепке қою туралы құжат беретіндігін және Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көзделген зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектіге бармай бақылау және профилактикалық бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген өлшемдері нысанында жүзеге асырылатындығы туралы түсіндірді.
