"Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ақционерлік қоғамының Маңғыстау филиалыәкімішілік жауапкершілікке тартылды

"Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ақционерлік қоғамының Маңғыстау филиалыәкімішілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіҚазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Маңғыстау облысы прокуратурасының тексеріс тағайындау туралы қаулысы негізінде, 2020 жылдың бірінші тоқсанында"Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ақционерлік қоғамының Маңғыстау филиалы қызметінде 2015-2019 жылдардағы сəйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу жəне метрология саласындағы заңнамалардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша, Филиал тарапынан ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19-бабы, 1-тармағының талаптары бұзылғандығы анықталып, ҚР ӘҚБтК 419-бап, 1-тармағына сәйкес, 310 АЕК көлемінде айыппұл мемлекет үлесіне өндіріліп алынды.