
Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптары, «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) Қарағанды облысының автомобиль жолдарына қызмет көрсететін және жөндейтін «Ислам KZ» ЖШС қызметкерлеріне түсіндірілді.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мамандары автомобиль жолдарына қойылатын талаптарды белгілейтін заңнамалардың мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді.
Әңгіме адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жобалау, салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу және пайдалану сатыларында автомобиль жолдарын тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу туралы болды.
Осы техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері жаңадан салынып жатқан, қайта жаңарту, күрделі жөнделетін және пайдаланылатын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен жайластыру элементтерін қоса алғанда (жол және жол бойы сервисі объектілері үшін олардың орналасуы ғана реттеледі), сондай-ақ олармен байланысты автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және пайдалану процестері және қолданылатын жол-құрылыс материалдары мен бұйымдары болып табылатындығы түсіндірілді.
Мамандар автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстарының, сондай-ақ олармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), құрылыс, қайта жаңарту, күрделі жөндеу және пайдалану үдерістерінің қауіпсіздігі параметрлердің жобалық мәндерінің, оның ішінде көлік құралдарының рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлерінің, сондай-ақ қызмет ету мерзімі ішінде элементтердің беріктілік, сенімділік және орнықтылық көрсеткіштерінің тиісті қауіпсіздік талаптарын белгілеу және сақтау арқылы қамтамасыз етілетініне назар аударды.