
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның кезекті мониторинг шеңберінде Сәтбаев қаласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдеріне арналған семинар өтті.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы Гульмира Назарбекова Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерге арналған ұлттық стандарттардың талаптары және жұмыс тобымен жиі анықталатын сәйкессіздіктер туралы айтты.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» 989-2014 ҚР СТ ұлттық стандартына стандарттың барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды «QAZAQSTAN» латын графикасында жазу бөлігінде өзгеріс 2018 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдеріне мемлекеттік рәміздерді өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар әлеуетті өнім берушілерден қызметтер ретінде рәміздерді сатып алуды жүзеге асыру ұсынылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша қала басшылығы мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы және стандарттарды сақтауға шақырды, сондай-ақ жауапкершілік туралы ескертті.
