МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС ТОБЫ ӨКІЛДЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС ТОБЫ ӨКІЛДЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінде мемлекеттік бақылау органдарының өзара әрекеттесу алгоритміне сәйкестікті бағалау, техникалық реттеу саласындағы аккредиттеу туралы меморандум шеңберінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің айналымын болдырмау жөніндегі жұмыс тобы өкілдерімен  дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Отырыс барысында «сұр» сертификаттармен күрес жөніндегі іс-қимылдар алгоритмі мен нақты шараларды дайындау үшін ұсыныстар енгізу, өңірдің сәйкес келмейтін өнімдерін қайтарып алу және алу бойынша құқық қолдану тәжірибесіне және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сәйкес келмейтін және жалған өнімдер жөніндегі ведомствоаралық жол картасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ  жұмыс тобы өкілдері : Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшысы «Сәйкестік сертификатын рәсімдеу және сәйкестік туралы декларацияны тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасымен таныстырды; Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің анықталған фактілері туралы; Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының өкілі өнімдерді ветеринариялық қадағалау туралы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі туралы ақпараттар берді.

Отырыс соңында жұмыс тобы өкілдерімен 6 жақты «Жалған және сәйкес емес өнімдерді анықтау және жою бойынша бірлескен шараларды әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылы туралы» меморандумға қол қою ұсынылды.