
Өскемен қаласында аймақтың ірі өндірушілерінің бірі «Азия Авто» АҚ өнімдерді экспорттау кезінде туындайтын өзекті мәселелері талқыланды. Кәсіпорын республиканың автокөліктердің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады.
ТРМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Бақытқан Құнафиянов экспорттық тауарларды өндірушілерді аймақтық штаб алаңы арқылы экспорттау елінің заңнамасының талаптарын хабарлау мақсатында кездесу экспортты ілгерілетуге бағытталған «memst- komek» іске асыру жоспарын еңгізу шеңберінде өтті деп мәлімдеді.
Экспорттық өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды қолдау және техникалық кедергілерді жою үшін жағдай жасау Техникалық реттеу және метрология комитетінің жұмысында басымды бағытынының бірі болып табылады.
Өндірілген автокөліктерді Қытайға, Өзбекстанға, Түркменстанға, Иранға, Иракка, ЕАЭО елдеріне экспорттаудан туындайтын сұрақтары бойынша сапа жөніндегі директор Сунгат Беркутов сөз сөйледі.
Ең бастысы - ЕАЭО сертификаттау құжаттарының және Женева Келісімімен шығарылған еуропалық омологация құжаттарының ҚХР сертификаттау жөніндегі мекемелерімен танымау болып табылады.
Сертификаттаудың қымбатшылығы және оның ұзақтығы 1 жылға дейін созылу мәселесі бар.
Сапа жөніндегі директоры қазіргі уақытта қуаттылықты бағалау және моторды автокөлік құралдарын өндірудің локализациясын бағалаудың бірыңғай әдістемесі жоқ екенін атап өтті.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 «Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер аумағында «автокөлік құралдарын өнеркәсіптік жинау» концепциясын қолдану шарттары туралы» шешімінің ережелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша департамент басшысы барлық сұрақтар мен ұсыныстар тиісті органға шешім қабылдау үшін жіберілетіндігін хабарлады, соның ішінде ҚР ИИДМ техникалық реттеу және метрология комитетіне.