
2019 жылдың 2 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, «ҰАО» ЖШС Алматы қаласындағы өкілдігі, Алматы қаласы бойынша «ҚазСтИн» РМК филиалының өкілдерімен бірге техникалық реттеу, стандарттау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және акредиттеу саласындағы заңнамалар мен нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру мақсатында Алматы қаладағы «ZETA» КПК» ЖШС жиһаз өндіру зауытына барды.
«ZETA» КПК» ЖШС 1996 жылы құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында жиһаз өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылады. Қызметтің негізгі бағыты жұмсақ және корпустық жиһаз, креслолар, орындықтар мен үй мен кеңсеге арналған үстелдер өндіру болып табылады. Сонымен қатар, компания мектеп және медициналық мекемелерге арналған жиһаз, сұлулық салондары, сондай-ақ қонақ үй және мейрамхана бизнесі үшін жиһаз, конференц-залдар мен кинотеатрларға арналған креслолар шығарумен айналысады. Итальяндық технологияларды енгізу, басқарудың жаңа әдістерін енгізу және икемді маркетингтік саясат арқасында кәсіпорын Қазақстан нарығында жиһаз, сондай-ақ қолданудың ең кең ауқымдағы пластиктен жасалған бұйымдар өндіру саласында көшбасшы бола алды.
«ZETA» КПК» ЖШС «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Отандық тауар жеткізушілердің тізбесіне кіргізілген. Өндірістік қуаттарды дамыту және жоғары технологиялық жабдықтарды, сондай-ақ өндірістің теңгерімді стратегиясының арқасында дайын өнімдегі қазақстандық қамту үлесі шамамен 80% - ды құрайды.
Мемлекеттік инспектор Құралбек Қызғарин «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне» енгізілген өзгерістермен, оның ішінде бақылаудың жаңа түрі алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылаумен таныстырды.
Кездесу нәтижесінде, «ZETA» КПК» ЖШС қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» жаңа Заңының талаптары түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жеткізілді.
Мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды қолдану, дайын өнімді таңбалау, сондай-ақ Қазақстанның «Doing Business» рейтингіде сапа инфрақұрылым сапасы құралдарын қолдану арқылы «Ішкі нарықта жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы деңгейін жақсарту мақсатындағы жұмыстар бойынша ақпарат жеткізілді.
Осы кездесудің қортындысы бойынша ашық диалогтар пен пікір алмасулар орын алды.
