"SINOOIL" АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ ЖШС-НДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

"SINOOIL" АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ ЖШС-НДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2019 жылдың 02 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, "Sinooil" Алматы филиалы ЖШС кәсіпорынына барды.

Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.

Бүгінгі күні SINOOIL компаниясы – Қазақстан Республикасының көптеген өңірлерінде филиалдары, жанар-жағармай құю бекеттері мен еншілес компаниялары және одан тыс жерлерде серіктестері бар, Қазақстан бойынша ЖЖМ жеткізу мен сату саласындағы жетекші компаниялардың бірі.  SINOOIL компаниясы Қазақстан бойынша ЖЖМ-ның бөлшек саудасына маманданған. Компания құрылған күнінен бастап өзін нарықтағы сервисі мен қызмет көрсету деңгейі жоғары, сапалы мұнай өнімдерінің тұрақты жеткізушісі ретінде таныта білді.

SINOOIL компаниясы табиғат ресурстарының қуатын адам игілігіне жұмсау бағытында жұмыс істейді. Компанияның қызметі өңірдің экономикалық гүлденуіне, әлеуметтік тұрақтылығына ықпал етіп, өркендеп, дамуына көмектеседі, қоршаған ортаның сақталуын және табиғат ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Компания өз қызметін қоршаған ортаға, компания қызметіне жұмылдырылған барлық адамдардың, жалпы жұртшылықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне дұрыс қарап жүзеге асыру міндеттемелеріне қатаң қарайды.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бас маманы Ринат Имашев, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сонымен қатар РҚ Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.

Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.