

Материалдық және электр ресурстарының барлық түрлерінің дұрыс есебін қамтамасыз ету өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын «Қарағанды Жарық» ЖШС кәсіпорнында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан метрология институтының Қарағанды филиалының өкілімен бірігіп семинар өткізді.
Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі семинардың тақырыбына айналды.
Мамандар мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған барлық өлшем құралдары пайдалануға берер алдында үлгіні кейіннен бекітумен сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтуі, салыстырып тексерілуі және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар Департамент мамандары мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірді.
Заңнамаларды талқылау қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасып, семинарға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алды.
