
2019 жылдың 2 сәуірінен 3 сәуіріне дейін Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 талаптарына сәйкес Ішкі аудит бойынша мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру» семинарына қатысты.
Семинарға ШҚО аккредиттелген зертханалары: «Восточно-Казахстанский мукомольно-комбикормовый комбинат» АҚ, «Альфа-Лаб» ЖШС, «Семипалатинский завод масел» ЖШС, «ГМК «Казахалтын» АҚ филиалы өкілдері қатысты.
Тыңдаушыларға арнап Семей бөлімі басшысы Шумаев Ракш сөз сөйлеп, сынақ зертханаларының жұмысын бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жетілдірудің қазіргі жағдайында атап өтті.
Өткен жылы ішкі аудит бойынша кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының 35 маманы оқытылып, сертификат алғаны аталып өтті. Қазіргі жағдайда аккредитация көптеген артықшылықтар береді. Аккредитация зертхана құзыреттілігі деңгейін көтереді және нәтижелердің сенімділігін арттырады.
Кәсіпорындар өкілдері стандарттау саласында мамандарды даярлау мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық үшін тілек білдірді.