МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалымен бірлесіп ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында 2019 жылға арналған кестеге сәйкес өңірлік штаб отырысы өткізілді.

Отырыс өңірлік штабтар алаңы арқылы экспорт-ел заңнамасының талаптары туралы экспорттық өнім өндірушілерді ақпараттандыру мақсатында «memst-komek» экспортын ілгерілету бойынша жоспарды енгізуге арналған.

Отырысқа жұмыс тобы мүшелері, техникалық сарапшылар және Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, сондай-ақ лифтілерге техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, пайдалануды жүзеге асыратын бірқатар компаниялардың өкілдері қатысты.

Өңірлік штаб отырысында келесідей сұрақтар қарастырылды:

1. Экспорт–ел заңнамасының талаптары туралы өңірлердің экспорттық өнімдерін өндірушілерді хабардар ету; экспорттық өнім өндірушілерді сүйемелдеу және техникалық кедергілерді алып тастау жолымен өнім экспортына ықпал ететін техникалық кедергілерді алып тастау бойынша жағдайлар жасау.

2. Лифт шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарды, олардың қолданылу саласы, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, күрделі жөндеуге қойылатын талаптар және басқа да бірқатар талаптармен таныстыру. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап күшіне енетін «Нормативтік құқықтық актілерде ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін қолдану ережесі» ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша департамент басшысы барлық сұрақтар мен ұсыныстарды уәкілетті  органдар мен Комитетке ұсыну үшін, департаментке және «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалына жолдау қажеттігі жөнінде хабарлады.

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті