АЛМАТЫДА ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ "КОМПАНИЯ ОБИС" ЖШС-МЕН КЕЗЕКТІ ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ»

АЛМАТЫДА ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ "КОМПАНИЯ ОБИС" ЖШС-МЕН КЕЗЕКТІ ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ»

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚХР нарығына өнімді жеткізу кезінде «Компания ОБИС» ЖШС «ОК(окей)» және «Сочный» тауар белгілерін тіркеу мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Жұмыс кеңесіне Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы, «CCIC Almaty» ЖШС Қытай компаниясы өкілдері қатысты.

Кезекті кеңес барысында «Компания ОБИС» ЖШС-нің отандық алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілерінің «ОК(окей)» және «Сочный» тауар белгілерін ҚХР аумағында жосықсыз бәсекелестермен тіркеу мәселелері көтерілді.

Өнеркәсіптік меншікке құқықтарды қорғау саласындағы негізгі халықаралық келісім өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі 20.03.1983 жылғы Париж конвенциясы (бұдан әрі-Конвенция) болып табылады.

Конвенцияда егер одақ елдерінің бірінде таңбаның иесі болып табылатын адамның өкілі иесінің рұқсатынсыз осындай бір немесе бірнеше елдерде өз атынан осы таңбаны тіркеуге өтінім берсе, иесі тіркеуге кедергі жасауға немесе оның күшін жоюды талап етуге не егер елдің заңы бұл рұқсат етсе, егер өкіл оның қолданылуын ақтайтын дәлелдемелерді ұсынбаса, тіркеуді өз пайдасына қайта ресімдеуге құқылы.

Алматы қаласы бойынша ТРМК департаментінің басшысы Саукбек Қапаевпен ҚР техникалық реттеу және стандарттау саласындағы заңнамасының талаптарын түсіндірді.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша, «Компания ОБИС» ЖШС от инстанцияларында осы сауда маркаларын иеленуді даулау үшін Қазақстан Республикасындағы тиісті заңды ұйымдарға жүгіну ұсынылды.