
«ҚазСтИн» РМК филиалы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментімен бірлесе отырып, «Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС кәсіпорнын аралады.
«Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС Текелі қаласының қала құраушы кәсіпорындарының бірі болып табылады. «Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС-нің құрылуы 2006 жылдың 1 қарашасында «Казцинк» АҚ құрамында болған, ал өңдеу зауыты техногендік қалдықтар - мырыш өндірісінің клинкерін өңдеу бойынша жұмысын жалғастырды. Қазіргі уақытта кешен базасында қуаттылығы жылына 400 мың тонна шойын өндіретін жаңа қуатты пештің өндірісі орналасқан.
Департаменттің бас мамандары кездесуге қатысушыларды 2019ж. сәуір айында күшіне енетін «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға енгізілген өзгерістермен таныстырды. Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 041/2017 ЕАЭО ТР бойынша ақпаратты ұсынды.
«Ферроқорытпаларды өндіру кезіндегі қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар» №46 ҚР ТР және «Машиналары мен жабдықтарының қауіпсіздігі туралы» 010/2011 КО ТР қолданыстағы техникалық регламенттер бойынша түсініктеме берді.
Кездесу барысында «Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС ұжымына техникалық реттеу жүйесінің құралдары, қолданыстағы нормативтік құжаттар, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) шеңберіндегі нормативтік құжаттардың жобалары туралы ақпарат берілді.
Кәсіпорын қызметкерлері анықтамалық ақпаратпен, 2020 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарымен, саудадағы техникалық кедергілер мен санитарлық және фито-санитардық шаралар бойынша ақпараттық орталықтың қызметімен танысты.
Оларға стандарттардың интернет-дүкені ұсынылды және ТРМК, «ҚазСтИн» РМК, ЕЭК сайттарына шолу жүргізілді.
Мұндай аралау жұмыстары кәсіпорын өз бизнесін ілгерілету үшін пайдалана алатын техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша өзекті ақпаратты ұсыну мақсатында жүйелі түрде өткізіледі.