АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 32-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРГЕРЛІК КӨРМЕСІН ӨТКІЗУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 32-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРГЕРЛІК КӨРМЕСІН ӨТКІЗУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласындағы "Атакент" ЖО-дағы "Ару-Алматы 2019" 32-ші Халықаралық зергерлік көрмесінде жұмыс бабымен кездесу өткізіп, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған, зергерлік бұйымдарға қойылатын негізгі талаптар туралы жаднамалар таратты.

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы талаптарында көрсетілген зергерлік бұйымдарда уәкілетті ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің кодтары бар «Барыс басының» нысаны, «КZ» Қазақстанның халықаралық аббревиатурасы бұйымда бейнелеуі, бұйымды жасаушының атаулы таңбасы болуын Департамент мамандары түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге, зергерлік бұйымдарды сату кезінде аккредиттелген заңды тұлғаның бағалы металдар мен тастарға берген сараптамалық қорытындысы заңмен талап етіледі. Сонымен қоса, кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларын аяқтамас бұрын, ЕурАзЭО-қа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына асыл тастарды және зергерлік бұйымдарды әкелу немесе осы елден әкету  кезінде ТРМК Алматы қаласы бойынша департаментінен алынатын мемлекеттік бақылау актісі болуы керек.

Заң бұзушылық анықталынған жағдай да, атап айтқанда сынамалау таңбасынсыз және атаулы таңба бедерінсіз зергерлік бұйымдар айналымға түссе Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 190-1 бабына сәйкес, 50 ден 150 ге дейін  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, 297-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге - 30-дан 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көзделген шаралар зергерлік нарықты тәртіпке келтіруге және адал кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы зергерлік индустрияның дамуына ықпал етеді. 

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ашық диалог және жемісті пікір алмасып және алдағы уақытта Алтын павильионы алаңында тұтынушыларға арналған зергерлік бұйымдарға қатысты ақпараты бар стенд ілінетіні айтылды.