«ИНОКС ЛТД» ЖШС ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ

«ИНОКС ЛТД» ЖШС ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ

2019 жылдың 09 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының және «Қазақстан метрология институты» РМК ОҚФ өкілдерімен бірлесе отырып "ИНОКС ЛТД" ЖШС кәсіпорын қызметкерлерімен жұмыстық кездесу өткізді.

Сапар барысында техникалық реттеу және метрология саласында, өнімнің сәйкестігін растау рәсімдері бойынша, техникалық реттеу, метрология және аккредиттеу саласында мамандарды оқыту бойынша, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттаманың бірыңғай қорының жұмысы туралы және өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау процестері туралы, өлшеу құралдары бойынша метрологиялық талаптар, өнімді каталогтау жүйесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"ИНОКС ЛТД" ЖШС тот баспайтын болаттан жасалынған стандартты емес жабдықтарды дайындаумен айналысатын жетекші кәсіпорын болып табылады. Компания технологиялық жабдықтарды, қоғамдық тамақтану орындарын жабдықтауға арналған желілерді, сыйымдылықтарды, монтаждық құрылымдарды, баспалдақтарды, сүйеніштерді, тот баспайтын болаттан жасалған орамал кептіргіштерді, медициналық құрал-жабдықтарға арналған жиынтықтарды жобалайды және дайындайды.

Кездесу қорытындысы бойынша Департамент мамандары техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттар бөлігінде келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, осы саладағы түсіндіру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісті.