2019 ЖЫЛҒЫ 11 СӘУІРДЕ ҚР-НЫҢ «СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ КҮШІНЕ ЕНДІ

2019 ЖЫЛҒЫ 11 СӘУІРДЕ ҚР-НЫҢ «СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ КҮШІНЕ ЕНДІ

Бұл - қазақстандық стандарттау үшін жария талқылау арқылы мемлекет, тұтынушы мен бизнестің мүддесінің консенсусы негізінде ұлттық стандарттар қабылдау көзделетін халықаралық танылған модельге барынша жақындататын тарихи сәт.

«Стандарттау туралы» Заң Мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастырудың негізгі тәсілн түбегейлі өзгертті. Отандық өнеркәсіп үшін қажетті стандарттардың өзектілігі бойынша жаңа талаптар енгізілді. Талдау мен жүйелеу арқылы анықталатын стандарттардың сұраныста болуы ұлттық стандарттардан артық талаптарды алып тастауға және техникалық талаптарды белгілеу мүмкіндігін анықтауға ықпал етеді. Ұлттық стандарттарды қолдану мониторингі өз кезегінде өнім сапасының деңгейін арттыру мақсатында тұрақты өзектендіруді қамтамасыз етеді. Осылайша, осы Заң күшіне енгенде Қазақстанда қоғам үшін өзекті әрі шынымен қажетті стандарттар әзірлене бастайды.

Бұдан былай стандарттар әзірлеу процесінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге ерекше роль беріледі. ТК белгілі бір саладағы құзыретті техникалық сарапшылар ортасы деп аталатын консультациялық-кеңес беру органы ретінде анықталды. Жаңа тәсіл стандарттар әзірлеуге өндіруші мен мемлекеттік органнан бастап өнімдерді немесе қызметтерді соңғы тұтынушыға дейін барлық мүдделі тараптар қатысуын болжайды. Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан техникалық комитеттер сарапшы техникалық алаңдарға өзгерді, онда сарапшылар әзірленетін стандарттардың барлық негізгі позициясы бойынша «келісуге» тиіс болады, олай болмаған жағдайда стандарт қабылданбайды.

Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты Ұлттық стандарттау органы ретінде белгіленуіне байланыста, Институт алдында стандарттау саласында тиімді оператор болу, стандарттау бойынша аналитикалық, әдіснамалық орталық болу сияқты жаңа міндеттер тұр. ҰСО стандарттау бойынша процестерді үйлестіретін және барлық мүдделі тараптар консенсусы негізінде стандарттар қабылдау үшін жағдай жасауға ықпал ететін орталық ретінде жұмыс істеуді мақсат етіп қойып отыр.

Күшіне енген «Стандарттау туралы» Заң барлық аспекті бойынша сапаны, құжаттар, өнімдер, қызметтер сапасын және сәйкесінше қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге саламыз, 2018 жылғы 5 қазанда ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Стандарттау туралы» Заңға қол қойды.