
2019 жылы 10 сәуірде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті лифт саласындағы мәселелерді, альтернативті шешу жолдары, сондай-ақ «Өшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына өзгерістер және «Стандарттау туралы» ҚР Заңының күшіне ену мәселелерді талқылау бойынша Алматы қалалық штабының кезекті отырысы өтті.
Алматы қалалық штабының отырысына Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының, Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының, Алматы қаласы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті, "Алматы қаласы бойынша Қазақстан стандарттау институты" РМК, "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ЖШС, "ҚазМетрИн" РМК ЗФ, Қазақстанның лифтілер Ұлттық қауымдастығы ЗТБ, СРО және СЗ, ҰКП өкілдері, Алматы қаласы 8 аудандары әкімдері аппараттарының қызметкерлері, Алматы қаласы лифтілерге техникалық қызмет көрсету компанияларының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында лифтілерге техникалық қызмет көрсету, лифтілердің сәйкестігін растау және сынау, сондай-ақ «Өшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына өзгерістер және «Стандарттау туралы» ҚР Заңының күшіне ену мәселелері талқыланды.
Осы заңдарды қабылдау импорт алмастыруға, отандық өнімнің сапасын арттыруға, бәсекеге қабілеттілігіне, бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуге, ресурсты сақтауға, инновациялар мен технологиялар трансфертін енгізуді ынталандыруға ықпал ететін болады.
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 824 шешімімен Кеден одағының «Лифт қауіпсіздігі» техникалық регламенті қабылданды, бұл техникалық регламент осы өнімнің өндірісі мен айналымы басталғаннан бастап барлық қажетті процестерді көздейді, алайда онда лифттерді қолдану және қызмет көрсету бойынша барлық нюанстар көрсетілмеген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында осы технологиялық процеске жауапты құзыретті органдар бойынша мәселе туындады, бұл біздің еліміздің кейбір қалаларына қайғылы салдарларға әкеп соқты.
Бүгінгі күні стандарттау институттарының, өндірушілердің лифт саласы қауымдастығының күш-жігерінің арқасында осы мәселелерді регламенттейтін құжат әзірленіп, бекітілді.
ҚР СТ 3305-2018 «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар және көтергіштер. Жеткізуге, монтаждауға және пайдалануға қойылатын талаптар» ҚР ИИДМ ТРМК төрағасының 2018 жылғы 28 қарашадағы №351-од бұйрығымен қол қойылды.
Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша ашық диалог және жемісті пікір алмасу болды, қатысушыларға сұрақтар қоюға және өз жұмысында қажетті ұсыныстарды алуға мүмкіндік туды.