
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысының Б. Қасымов Жезқазған қаласына жұмыс сапары аясында бағалы металдарды сатушылармен және мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен кездесулер өтті.
Мамандар Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операциялар жасалғанға дейін асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу кезінде сараптама жүргізіліп, мемлекеттік бақылау жүргізілетінін түсіндірді. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге әкету кезінде сараптама жүргізіледі және мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалы таңбасы, сондай-ақ зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өзінің барлық зергерлік және басқа да бұйымдарына қоятын атаулы бедері жоқ болса сатуға жол берілмейді. Зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде жасанды жолмен алынған материалдарды қолданғанда, жапсырмаларда осы тас бағалы емес екендігі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Сонымен қатар, Департамент мамандары қатысушыларды ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» стандарттының барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» сөзін латын графигінде «QAZAQSTAN» деп жазу бөлігінде талап бекітіліп, 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап қолдансықа енгізілді. «Қазақстан» сөзін «QAZAQSTAN» латын графигінде жазу бөлігінде нормативтік құжаттағы осы өзгерістің бекітілуіне байланысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдеріне мемлекеттік рәміздерді өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар әлеуетті жеткізушілерден қызмет ретінде Елтаңбаларды сатып алуды жүзеге асыруды ұсынды, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер туралы заңнама мен стандарттардың талаптарын сақтауға шақырды және жауапкершілік туралы еске салды.

