
2019 жылдың 11 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесе отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың «Құс еті мен оның өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша стандарттардың тізбесін талқылау туралы дөңгелек стол өткізді.
Дөңгелек үстелде Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінінің Алматы қаласы бойынша департаменті, ҚР АШМ Алматы қаласы бойынша Ветеринарлық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясы, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ және Алматы қаласындағы «ҰАО» ЖШС өкілдігі, сонымен қоса «Алатау Құс» АҚ, СРО және СЗ өкілдері қатысты.
Тізімдерді талқылау ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және техникалық реттеу объектілерінің бірыңғай ережелерге және зерттеу және өлшеу әдістеріне сәйкес сәйкестікті бағалауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды қолдану үшін жағдай жасауға бағытталған.
Талқылау барысында «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының мамандары дөңгелек үстел қатысушыларына «Стандарттау туралы» ҚР Заңының күшіне енгендігін, ТБТ/СФС хабарламаларын және 2015-2018 жылда аралығында қабылданған стандарттар тізбесі туралы ақпараттар айтылды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ашық диалог және жемісті пікір алмасу болды.
