МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ДӨНГЕЛЕК ҮСТӨЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ДӨНГЕЛЕК ҮСТӨЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылдың 5 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен және мемлдекеттік мекемелердің өкілдерінің қатысуымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері – Мемлекеттік туын, Елтаңбасын қолдануы бойынша, ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына енгізілген өзгерістерді талқылау бойынша дөнгелек үстел отырысы өткізілді.

Отырыс барысында қандай жағдайларда мемлекеттік рәміздерді қолдану міндетті, мемлекеттік рәміздерді өндірушілер мен қолданушыларға Қазақстан Республикасының Заң талаптарын бұзғандығы үшін қандай әкімшілік шаралар қолданылады, және тағы-да басқа бірқатар сұрақтар көтерілді. Департамент мамандары ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандарты бойынша түсіндірме жасап осы стандартқа енгізілген өзгерістерді атап өтті.

Мемлекеттік елтаңбаның авторымен өндірушілердің ұсыныстары ескеріліп конструкторлық сызбалары қайта қаралу қортындысы бойынша:

  • Мемлекеттік елтаңбаның дарлық эементтеріне детализация жүргізілді;
  • элементерін модельдеуде қажетті өлшемдері келтірілді.

ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына №1 өзгеріс Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 272-од бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізілді. Осы өзгеріске сәйкес стандарттың барлық мәтіні бойынша және А-З қосымшаларындағы кирилицада жазылған «ҚАЗАҚСТАН» сөзі «QAZAQSTAN» сөзімен ауыстырылуы қажет.

Отырыс барыснда қатысушыларға стандарттарға енгізілген барлық өзгерістер түсіндіріліп, қолдану ережесі бойынша және стандарт талаптарына сай келмейтін Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру және жою ережесі талқыланды.

Дөнгелек үстөл барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, берілген ұсыныстарды жұмыс кезеңі барысында тағы-да қарауға шешім қабылданды.