Өнімнің сәйкестігін бағалау мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Өнімнің сәйкестігін бағалау мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті кедендік аумаққа күмәнді «сұр» сертификаттау өнімдерін әкелудің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «Атамекен» ӨКП өкілдерімен бірлесіп  кәсіпкерлермен кездесу мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Абайұлы Қабылбеков Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы заңнамасын түсіндірді, кедендік аумаққа күмәнді «сұр» сертификаттау өнімдерін әкелгені үшін әкімшілік жауапкершіліктің тәуекелдерін, сондай-ақ осындай өнімді айналымға шығаруға және алып қоюға тыйым салу түріндегі ықтимал құқық қорғау жедел ден қою шаралары туралы атап өтті.

Отырыс нәтижесінде Техникалық реттеу және метрология, Кедендік бақылау және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының сәйкестікті растау жөніндегі құжаттарсыз өнімді әкелу және айналымға шығару, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге осындай құжаттарды негізсіз беру мәселелерінде өзара іс-қимылын жалғастыру туралы шешім қабылданды.