
2019 жылғы 12 сәуірде ИИДМ ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығында дөңгелек үстел өтті, онда аккредиттеу жүйесінің мәселелері талқыланды.
Қатысушылар сәйкестікті бағалау жүйесіндегі ағымдағы жағдай, ЕЭО-тың сауда мен кедендік кеңістігі мемлекет тарапынан шұғыл әрекетке мұқтаж екендігін атап өтті. Техникалық реттеу жне аккредиттеу саласындағы қолданыстағы заңнаманы, сондай-ақ осы саладағы қызметті реттейтін заң актілері, қағидалары мен тетіктерін қайта қарау қажеттігін атап өткен жөн.
Осы мәселелерді шешу аккредиттеу саласында жаңа стратегияны талап етуде, инфрақұрылым құруды көздейді. Осы мақсаттарға Е-Аккредиттеу жүйесін құру және тауарларды қадағалау қажет.
Дөңгелек үстел отырысына қатысушылардың баяндамаларын талдай отырып, сәйкестікті бағалау саласындағы мәселелердің маңыздылығын түсіне отырып, Дөңгелек үстелге қатысушылар мынадай қарар қабылдады:
1. ILAC (Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастық), IAF (Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум) және APAC өңірлік ұйым (аккредиттеу жөнінедгі Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастығы) аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым алдында мндеттеменің сақталуын растау;
2. Жүйеде сыбайлас жеқорлыққа төзбеу;
3. «Техникалық реттеу туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында кіші заң актілеріне өзгерістер енгізуге бастамашы болу;
4. ЕЭО елдерінің аккредиттеу жүйесін үндестіруге бастамашы болу;
5. Аккредиттеу жөніндегі ақпараттық жүйені, оның ішінде Е-Аккредиттеуді енгізу бойынша жұмыстарды белсендіру.