
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, мемлекеттік органдар, мекемелері, кәсіпорындардың қатысуымен облыс әкімінің орынбасары Абзал Нукеновтің төрағалығымен өткен отырысында мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс тобымен жүргізілген жұмыс нәтижелері қаралды.
Отырыста Балқаш, Приозерск, Қаражал, Жаңаарқа, Нура, Осакаров, Шет, Ақтоғай аудандарының бірқатар мемлекеттік мекемелерінде елдің негізгі атрибуттарын насихаттау және пайдалану бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері жарияланды.
Жұмыс тобының мүшелері барлығы 107 мемлекеттік органда болған. Жұмыс тобы мемлекеттік органдардың жұмысында оң нәтиже бар екенін атап өтті. Жоғарыда айтылған барлық аймақтарда Мемлекеттік Елтаңбалар ҚР СТ 989-2014 стандартына сәйкес ауыстырылып жатқан белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен бірге, жұмыс тобы мониторинг кезінде бірқатар кемшіліктерді анықтады, мысалы, тұғырдың сынған бастары скочпен жабыстырылған, түндегі уақыттағы жанатын жарықшаның болмауы, ұйымның атауы бар маңдайшалар дайындау және орналастыру ережелерінің талаптарына сәйкес келмейді, сонымен қатар маңдайшалар эстетикалық көрінісіз (жиектері түскен, бастапқы әріптер «алтын» түсін жоғалтқан) және т.б.
Тексеріс күні барлық анықталған ескертпелер тез арада жойылды, мекемелер басшыларына методикалық және тәжірибелік көмек көрсетілді.