2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТАНДАРТТАУ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТАНДАРТТАУ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті "2020-2022 жылдарға арналған стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" ғылыми-техникалық бағдарламасын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды ("Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар" басым бағыты).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конвертте (оның беткі жағының тиісті жерінде: жіберушінің мекенжайы, заңды немесе жеке тұлғаның атауы, конкурстың атауы, ғылымды дамыту басымдығы және ғылыми зерттеулер бағыты көрсетіледі) алғаны туралы хабарламамен пошта арқылы мына мекен-жайға жіберіледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 11, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияларды мына телефон арқылы алуға болады: (+7-7172)750508 - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті.

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қагидасы" (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысы), сондай-ақ "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысы) талаптарына сәйкес қалыптастырылған өтінімдерді "МҒТС ҰО" АҚ сайтында тіркеу және жеке тіркеу нөмірін алу қажет ("МҒТС ҰО" АҚ сall center: 8(727) - 355 - 50 – 01, ішкі 217, 218, 219, 227, 228, 229, 231).

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі - конкурс жарияланған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн.

 

Қосымша: Конкурстық құжаттар