
2019 жылдың 16 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері «КазИнСт» РМК Жамбыл филиалымен бірлесе отырып Тараз қаласында орналасқан «Novacom Technology» ЖШС-іне барып, Қазақстан Республикасы заңнамасының техникалық реттеу саласындағы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету сондай-ақ проблемалық мәселелерді талқылау және көмек көрсету үшін оларды шешу мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізіп қайтты.
«Novacom Technology» ЖШС-і Тараз қаласының нарығында 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді. «Novacom Technology» ЖШС-і СТ-KZ сертификатының иегері, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасының бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі кезде барлық мемлекеттік және ірі ұйымдар клиенттермен жұмысты жеңілдету мақсатында электрондық кезек жүйесін жиі енгізуде, ал анықтамалық қызметтің орнына өзіне-өзі қызмет көрсететін ақпараттық дүңгіршектер жұмыс істеуде. Коммуналдық қызметтерді, кредиттерді және басқа да төлемдерді төлеу төлем терминалдары арқылы төлемдердің әдеттегі тәжірибесіне айналған. «Novacom Technology» ЖШС-і аталған барлық жабдықтарды дайындаумен айналысады.
Осы кездесудің қорытындысы бойынша Техникалық реттеу және метрология саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. «ҚазСтИн» РМК өкілдері өнімді каталогтау, ұлттық стандарттарды әзірлеу, өнімнің сәйкестігін растау мақсатында өтінім беру бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Кеден одағының аккредиттеу субъектілерінің деректер базасын пайдалануда белгіленген өлшеу құралдарына жабдықтарды жатқызу және консультациялық көмек көрсету бойынша ұсынымдар берді.