ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КИІМ СТИЛІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КИІМ СТИЛІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ

Алматы қаласы бойынша ТМРКД бойынша әдеп жөніндегі уәкілі қызметкерлердің киім стиліне қойылатын негізгі талаптарын, сонымен қатар  жұма күнгі киім стилін түсіндірді

2019 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілімен қызметкерлердің киім стиліне қойылатын негізгі талаптары, сонымен қатар жұма күнгі киім стилі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен, Министрліктің жауапты хатшысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің іскерлік стилінің стандарттары бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызметкерінің сырт келбеті азаматтардың мемлекеттік органға құрметпен қарауына ықпал етуіне, Қазақстан Республикасында қалыптасқан іскерлікпен, ұстамдылықпен, дәстүрлілікпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін, жалпы қабылданған іскерлік және ұйымдастыру стилінің талаптарына сай болуы тиіс

Киімге қойылатын негізгі талаптар: қолайлы, жинаңқы, ыңғайлы болуы керек және де ерекшеленбеуі тиіс. Кейбір киім көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін, бірақ қимылдауға бөгет жасамайтындай, қатаң формада көрінуі тиіс.

«Жұма күнгі» іскерлік киімге спорттық, жағажай, Авангард стилінің элементтерінсіз іскерлік киімнің еркін нұсқасы ұсынылады.

Департамент ұжымымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу бойынша заңнамаларымен анықталған негізгі міндеттер талқыланды.