
2019 жылғы 16 сәуірде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "ҚазСтИн" РМК Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесіп ҚР СТ "Витаминдендірілген күнбағыс майы. Техникалық шарттар" жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына "ОО Қазақ тағамтану академиясы" ЖШС, "НЦЭКС" АҚ АФ, Қаз ӨТӨ ҒЗИ, ТК №67 АТУ, "ЕФК" АҚ, "Нутритест" ЖШС қатысты.
Дөңгелек үстел барысында "Қазақ тағамтану академиясы" ЖШС микронутриенттер бөлімінің басшысы Шамиль Тәжібаев ҚР СТ "Витаминдендірілген күнбағыс майы. Техникалық шарттар" негізгі талаптары бойынша баяндама жасады.
Бұл жоба май мен тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығын арттыру және А және D витаминдері жетіспеушілігінің, сондай-ақ Қазақстан халқы арасында олармен байланысты: Обыр, қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті, аутоиммундық аурулар, зат алмасудың бұзылуы, иммунитеттің төмендеуінен туындаған жұқпалы аурулар және кейбір психоневрологиялық бұзылулар, балалар рахиті ауруларының алдын алу мақсатында әзірленген.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар арасында ашық диалог және жемісті пікір алмасу өтті, сұрақтар қойылды.
