
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақрылым министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті "ҚазСтИн" РМК Алматы облысы бойынша филиалы мен және Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы) және 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі кешенді 2014 жылғы 10 маусымдағы № 635 қаулысымен бекітілген) Техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша өңірлік семинарларды өткізу кестесі әзірленді және облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.
Бекітілген кесте 06 акпан 2019жылғы негізінде, 15 сәуір күны 2019 жылы Кеген және Райымбек аудандарының кәсіпкерлерімен келесі тақырыптар бойынша топтық семинар өткізілді: «Еуразиялық экономикалық одақ аумағына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдерді әкелу тәртібі туралы», КО ТР 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі» туралы түсіндіру, «Стандарттау туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерін түсіндіру, «Интернет-дүкен», «Е-жоспарлау» интернет-ресурстары бойынша таныстыру ақпараты.
Семинарды өткізудің мақсаты – семинарға қатысушыларды ұлттық заңнама мен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу, өзгерістер енгізу және қабылдау туралы ақпараттандыру болып табылады.
-Техникалық реттеу саласындағы проблемалық мәселелерді қарау және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін қолдану тәжірибесі;
- Еуразиялық экономикалық одақтың сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының бірыңғай тізілімін және берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімін пайдалану, жалған сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларацияларды анықтау мүмкіндігі.
Қазіргі жағдайда елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғаудың маңызды құралы және отандық өнімдердін арықтарға жылжытудың бара бар тәсілі Техникалық реттеу болып табылады, ол технологияларға қойылатын техникалық талаптардың деңгейін белгілейді және техникалық шешімдерді таңдау кезінде Индустрия үшін бағдар болып табылады.
Семинар ұйымдастырушылары сәйкестік туралы декларацияны, сәйкестік сертификаттарын дұрыс толтыру және тіркеу бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.
Соңында кәсіпорын өкілдерінің қойылған барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

