
«Қалжат» кеден пунктінде қызметкерлеріне сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының бірыңғай тізілімі туралы айтылды
2019 жылдың 16 сәуірде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Ұйғыр ауданының «Қалжат» кеден пунктінде қызметкерлерімен ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шараның мақсаты: ұлттық заңнаманы, өнімді әкелу тәртібін түсіндіру және халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімін жүргізу.
Жұмыс кездесуіне Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, кеден бекетін басшылары, кедендік брокерлер мен СЭҚ қатысушылары қатысты.
Департамент мамандары қол қойылған меморандум шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдерді әкелу тәртібі туралы және жалған сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларацияларды (сұр сертификаттарды) анықтау әдістері туралы әңгімеледі.
Сәйкестік сертификатын немесе тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны Еуразиялық экономикалық одақтың сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының бірыңғай тізіліміне енгізілген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар береді.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі күшіне енгеннен кейін қазақстандық импорттаушылар кедендік Декларациямен қатар әкелінетін тауардың ЕЭО міндетті талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттарды кеден органдарына ұсынуға міндетті. Кедендік ресімдеу рәсімі мүдделі тұлғаның тауарларды мәлімделген кедендік режимде пайдалануға кеден органдарының рұқсатын алуы болып табылады. Кедендік режим тасымалданатын тауарларға қатысты шарттар мен талаптардың жиынтығын, өткізу және одан әрі пайдалану мақсаттарына сәйкес олардың санатын айқындайды. Кедендік бақылау мемлекеттің кеден саясатын іске асыру құралдарының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын шаралар жиынтығын білдіреді.
