
2019 жылғы 17 сәуірде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Агротехнологиялық факультетіне барды.
С. Торайғыров атындағы ПМУ Қазақстанның ең ірі университеттерінің бірі болып табылады және жыл сайынғы бас рейтингке сәйкес, Қазақстанның ең үздік көпбейінді жоғары оқу орындары арасында көшбасшы бестігіне кіреді.
Агротехнологиялық факультет 2009 жылдың шілде айында ректордың бұйрығымен құрылған. Факультет деканы - Бексеитов Тоқтар Кәрібайұлы, ауылшаруашылық ғылымдар докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі.
Кездесу барысында қызметкерлер факультеттің "Жануарлар биотехнологиясы", "Өсімдіктер биотехнологиясы" зертханаларымен танысты. Факультет деканы атап өткендей, аталмыш зертханаларды аккредитациялауды өткізу ЖОО басшылығының жоспарларында. Жұмыс жоғары оқу орындарының қызметін коммерцияландыру аясында жүргізіледі.
Кездесу барысында Департамент басшысы А.Алибаев ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" стандартының талаптарын түсіндірді. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
