
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департаменті Семей бөлімшесі метрология және техникалық реттеу аумағындағы сұрақтар, ЕАЭО техникалық регламент талаптарын кәсіпорындар мен мекемелердің арасында сақтау сұрақтары бойынша семинар-жиын өткізді.
Семинар-жиында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Семей қаласы бойынша департамент өкілдері қатысты.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департаменті Семей бөлімшесі басшысы Ракш Шумаев айтуы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау ШҚО бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес тексерілген 5833 тағамдық және тағамдық емес сынаманың ішінен 619 сынама ЕАЭО техникалық регламент талаптарына сәйкес емес, яғни 10,6% құрайды. Сәйкес келмейтін өнімдердің негізгі үлесі таңбалау талаптарының бұзылуына байланысты - 73% немесе 496 үлгілерді құрайды.
ЕАЭО техникалық регламентінде өнімнің сапасына және таңбалауына негізгі талаптары мазмұндалған. Осылайша, ТР КО 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 11-бабына сәйкес тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымға жіберілген азық-түлік өнімдерінің техникалық регламенттерге сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында тамақ өнімдерін өндіруші өндіріс процесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдерін орындауға міндетті.
Сонымен қатар, Ракш Шумаев «таңбалауды оңай оқу критерий» түсініктемесімен таныстырды. Осы критерий «Тағам өнімін таңбалау» ЕАЭО ТР 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 75 ЕЭК кеңесінің шешімінің қосымшасында мазмұндалған.
Бұдан басқа, метрологиялық тексерулер өткізу туралы ақпарат айтылды. Өндірілетін өнімнің сапасы, сонымен қатар қызмет сапасы көбінесе тексерілген өлшеу құрал жабдыққа байланысты. Қазіргі күні жиілікте өнімді өндірушілер тексерілмеген өлшеу құралдарды қолдана отырып, өлшем бірлігін қамтамассыз ету туралы заңнаманы бұзады. Сонымен, ағымдағы жылы Техникалық реттеу метрология және комитетінің ШҚО бойынша департаменті Семей бөлімшесінің 84 тексеру туралы сертификатсыз қолданыстағы өлшеу құралдары анықталды.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментің бөлім басшысы Гульнар Жакупжанова айтуы бойынша 2018 жылы тағам өнімдерін өндіру бойынша 24 жасырын цехтар анықталды. Өнімнің сапасының сұрақтарына департамент үлкен көңіл бөледі.
«Сертификаттау және экспертиза ұлттық орталығы» АҚ Семей филиалының сәйкестікті растау бойынша мекеменің басшысы Гүлсара Нысамбаева қатысушыларды мекеменің жаңа мазмұнымен таныстырды. Сонымен, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап декларация және сәйкестік сертификаттары «egov.kz» порталы арқылы беріледі.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ЕАЭО техникалық регламент талаптарын сақтау сұрақтары бойынша кәсіпкерлік өкілдері үшін оқу семинарлар өткізу туралы тілектерін білдірді.