
Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау қағидаттарының бірі медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтудың қолжетімділігін қамтамасыз етудің кепілділігі, мүгедектер мен қарттардың басқа азаматтармен қатар денсаулығын сақтауға қол жетімділігі мен тең құқықтарының қолжетімділігі болып табылады.
Мүгедектер мен қарттарға медициналық көмек көрсету кезінде өлшеудің дұрыс нәтижелерін қамтамасыз ету өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың негізгі мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар объектілерінде: Шахтинск қаласының қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесінде, Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесінде, Қарағанды қаласының № 1 қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесінде, Қарағанды қаласының № 2 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде, Жезқазған қаласының қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесінде бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді. Анықталған бұзушылықтар нәтижелері азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кезінде пайдаланылатын өлшемдерге қатысты болды. Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инспекторлар мекемелерге бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді.
Бақылау барысында әлеуметтік объектілерге Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" заңының талаптары, сондай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірді.
Заңнаманы талқылау қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасып, ұйым өкілдері қойылған сұрақтарға жауап алды.
