
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Алматы облысы Ескелді ауданында орналасқан «Астра-Ломбард» кәсіпорнында, «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Кәсіпорынның негізгі қызметі - азаматтардың жылжымалы мүлікімен қамтамасыз етілген қысқа мерзімді қарыздарды беру. Аталған Заң ломбардтар пен айналысатын кәсіпорындардың кызметіне де тікелей қатысты.
Кездесудің мақсаты: "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін түсіндіру.
Қазақстан Республикасының аумағында "Барыс басы" белгісі мен "KZ" халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының бірыңғай сынама таңбасы, сондай-ақ зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өзінің барлық зергерлік және басқа да бұйымдарында қоятын атаушының бедері жоқ зергерлік және басқа да бұйымдарды сатуға жол берілмейді. Бұйымдағы атауы мен сынама таңбаның болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылады.
Зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде қолданғанда, жапсырмаларда осы тас бағалы емес екендігі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Аталған Заңда зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау көзделгенін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау, немесе тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген өлшемдері нысанында жүзеге асырылатындығын Департамент мамандары жеткізді.
Кездесу соңында Департамент мамандары кәсіпорнының жұмысшылары тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді.