«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОЛОГИЯ АГЕНТТІГІ» ЖШС («ҚҚЭА» ЖШС) ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОЛОГИЯ АГЕНТТІГІ» ЖШС («ҚҚЭА» ЖШС) ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2019 жылғы 27 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Қазақстандық қолданбалы экология Агенттігі" ЖШС (бұдан әрі - Компания) кәсіпорнына барды. Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.

Аталған іс-шараның мақсаты ҚР техникалық реттеу, стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласындағы заңнамасын түсіндіру болды.

Компания Қазақстан Республикасында 1996 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды мониторингілеу және басқару саласындағы ең ірі тәуелсіз консалтингтік компания ретінде жұмыс істейді.

Жұмыс барысында компания министрліктер, мемлекеттік комитеттер, әкімдіктер, ұлттық және халықаралық компаниялар, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 550-ден астам жобаны орындады.

Жұмыстың негізгі бағыттары атмосфералық ауаны, су объектілерін, топырақты, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға байланысты. ҚОӘБ - қоршаған ортаға әсерді бағалау, ШРШ - шекті рұқсат етілетін шығарындылар, ШРТ - шекті рұқсат етілетін төгінділер жобаларын әзірлеу, мониторинг бағдарламасы, экологиялық рұқсаттар алу және тағы басқалар ерекше орын алады.

Компания барлық қажетті лицензияларға, Аккредитацияларға, жан-жақты қызметке арналған куәліктерге ие.

Тапсырыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру және сапалы өнім беру мақсатында компанияда ЕСМ енгізілді:

Сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001);

* ҚР СТ ISO 9001-2016.

* Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001);

* ҚР СТ ISO 14001-2016.

* Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі (OHSAS 18001);

• ҚР СТ OHSAS 18001-2008.

Компанияның жетекші мамандары Қазақстанның ірі өндірістік объектілерінде, ғылыми мекемелерінде және мемлекеттік табиғат қорғау органдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Қатипа Жұманова ҚР техникалық реттеу, стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласындағы заңнамаларының негізгі ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын Департаменттің бас маманы Ринат Имашев түсіндірді.

Аталған іс-шараның түпкі мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамалары шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.