МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «АТТРАКЦИОНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ» ҚР ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «АТТРАКЦИОНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ» ҚР ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2019 жыл 26 маусымында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселелі сұрақтар қарастырылып, соның бірі «Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға енгізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ҚР ұлттық стандартының талаптары талқыланды.

Отырысқа жергілікті атқарушы органдар, Маңғыстау облысының  Төтенше жағдайлар департаменті,Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалы, «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС өкілдері, Жаңаөзен және Ақтау қаласындағы аттракциондар бойынша қызмет көрсететін 8 жеке кәсіпкер, сонымен қоса Маңғыстау облысы аудан әкімдіктері селекторлық режимде қатысты.

Отырыстың мақсаты – 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға енгізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарын түсіндіру болып табылады.

 «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалы мен  Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті өкілдерімен «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға енгізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ҚР СТ 3359-2019  негізгі талаптары түсіндірілді, атап айтқанда жергілікті атқарушы органда аттракционды есепке қою, аттракциондарды іске қосу, пайдалануға және аттракциондарды техникалық куәландыру. Жергілікті атқарушы органдармен аттракциондарды тіркеу сәтінен белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алу сәтіне дейін қозғалады. Аттракциондар бүкіл қолдану уақытында толық, мерзімді және ішінара техникалық тексерулерден өтеді. Параметрлері жұмыс құжаттамасында көрсетілген мәннен асып кететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар пайда болған жағдайда, жолаушыларға арналған аттракциондардың пайдалануы тоқтатылады.  ҚР СТ 3359-2019 талаптарына сәйкес, қауіпсіздік бойынша техникалық және ұйымдастыру  іс-шараларын жүргізу арқылы аттракциондағы қызмет көрсететін қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету арқылы менщік нысанына қарамастан қолданылатын аттракциондардың қауіпсіздігіне қолданатын ұйымның басшысы немесе меншік иесі  жауапты екендігі түсіндірілді. 

Отырыс барысында кәсіпкерлердің жоғарыдағы мәселелер бойынша сұрақтарына Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті және  «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалы мамандары нақты жауаптар берді.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттама жасақталып, облыстағы аттракциондарды пайдаланушы ұйымдарға «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» және «Балалардың ойын алаңдарына арналған құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттеріндегі, ҚР СТ 3359-2019 ұлттық стандартындағы талаптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігі шешім етілді.