
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша Департаменті Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Қазақстанның үздік тауары» жылсайынғы байқау-көрмесіне қатысты. Биыл байқаудың өңірлік кезеңіне 50-ден астам отандық тауарөндіруші қатысуда. Байқау аясында кәсіпорындардың көрмесі ұйымдастырылып, онда қатысушылар өндірілетін тауарлар мен қызмет түрлерінің желісін ұсынды.
Биылғы көрменің басты ерекшелігі – жас және жаңадан ашылған кәсіпорындардың белсенді қатысуы.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов кәсіпорын павильондарын аралап, компаниялардың дайынлығына жаұсы беріп, ұсынылған өнім түрлерінің жоғары сапасын атап өтті.
Көрмеде кәсіпкерлер тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз мен қағаз өндірісі, құрылыс, фармацевтика мен басқа да саларындағы тауарлар мен қызмет түрлерін көрсетті.
Үздік кәсіпорындар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлар» аталымдары бойынша анықталды.
Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар 3 орын «ISKER COMPANY» ЖШС-і, 2 орын «NOVUS POLYMER» ЖШС-і , 1 орынға «КПК Зета» ЖШС-і ие болды. Үздік азық-түлік тауарлары номинациясы бойынша 3 орын «Первомайские деликатесы» ЖШС, 2 орын «Молдасанова Этно-ресторан Аскар-Тау»ЖК, 1 орын «Когер ЛТД» ЖШС. Халық тұтынатын үздік тауарлары 3 орын «Аксель и А» ЖШС, 2 орын «Адили Текстиль» ЖШС, 1 орын «Интеллсервис» ЖШС алды.
Жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сертификат тапсырылып, байқаудың республикалық кезеңіне қатысуына жолдама берілді.
