АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫ ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫ ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылым министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті "ҚазСтИн" РМК Алматы облысы бойынша филиалымен және Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының және 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі кешенді Техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша өңірлік семинарларды өткізу кестесі әзірленді және облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.

Панфилов ауданында 17 сәуір күні кәсіпкерлерімен топтық семинар өткізілді. Семинар тақырыптары: «Еуразиялық экономикалық одақ аумағына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдерді әкелу тәртібі туралы», КО 015/2011 «Астық қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті түсіндіру, «Стандарттау» туралы ҚР Заңының негізгі ережелерін түсіндіру, «Интернет-дүкен», «Е-жоспарлау» интернет-ресурстары бойынша таныстыру.

Семинарды өткізудің мақсаты – семинарға қатысушыларды ұлттық заңнама мен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу, өзгерістер енгізу және қабылдау туралы ақпараттандыру болып табылады. Техникалық реттеу саласындағы проблемалық мәселелерді қарау және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін қолдану тәжірибесі;

Қазіргі жағдайда елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғаудың маңызды құралы және отандық өнімдердін арықтарға жылжытудың бара бар тәсілі Техникалық реттеу болып табылады, ол технологияларға қойылатын техникалық талаптардың деңгейін белгілейді және техникалық шешімдерді таңдау кезінде индустрия үшін бағдар болып табылады.

Семинар ұйымдастырушылары сәйкестік туралы декларацияны, сәйкестік сертификаттарын дұрыс толтыру және тіркеу бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.